Ответ:
Нақыл сөздер (Афоризмдер)- күрделі мәселелерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз. Ол - көп қырлы, түйіндеуге бай, көркемдік дәрежесі жоғары сападағы, қанатты сөз айшығы данышпан ақылдың төзінен, ой көзі айқын керінетін сөз жасаушы ұлы шебердің мүсіндеуінен шыққан іші - алтын, сырты - күміс сөз төресі. Нақыл сөздер үлгісі қазақ әдебиетінде ерте көзде-ақ ауызекі тіл өнерге, өнегеге айналған шақтан бері қалыптасқан. Олар мақал-мәтелдермен қатар туып отырды. Әдетте, бұл нақыл сөздер ел аузында белгілі кісілердің атымен бірге жүрді, ал авторы ұмытылған сөздердің өзі де тарихи кісілердің атын жамылып отырды. Бұлай сақталу нақыл сөздердің бірден-бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жазба әдебиетімізде нақыл сөздердің бай негізін өзінің дидактик. шығармалары арқылы Абай жасады. Шын мәнінде, Абайдың нақыл сөздер көздейсоқ, жәй бір құбылыстар емес, заңды, тарихи қажеттіліктер негізінде туған тұтас дүние. Дидактик. поэзияны шығыс әдебиеті ертеден бастаған.
Объяснение:
Бұл Таяу Шығыстың Ұлы ойшыл ақындары Фирдаусидың, Низамидың, Сағдидың, Науаидың, Жәмидың шығармаларында туды. Тіпті ислам үгітшілерінің (зәруіштердің) нақыл сөздерге құрылған шығармалары да Таяу Шығыста кең көлемде тарағанды. Олардың діни білімі де, заң, право негіздері де т. б. кітаптары да өсиет, үгіт сарынында, шешен тіл тапқан поэзия үлгісінде жазылды. Қазақ әдебиетіне келсек, оның жазба әдебиеті басталған 19 ғасырдың 2-жартысында қазақ халқының мәдени дәрежесі (әдебиеттің мәдени дәрежесі) өзіне әдебиеттің қызмет етуінің дидактик. үлгісін біршама керек еткен кезеңде туды. Сол тұста әдебиетке қоғамдық сипат беріп, сол арқылы күреске тұскен Ы. Алтынсаринның да, А. Құнанбаевтың да шығармаларында бұл заңдылық көрінбей қалған жоқ. Алтынсаринның әдебиеттік еңбектері өзінің педагогтығымен бір сипатта дидактика үлгісіне құрылды. Әдебиетте өз тұстастарынан бір дәуір ілгері кеткен Абай қазақ топырағында шын мәніндегі нағыз көркем поэзияны жасай отырып, бұл заңды талапқа кең бұрылыс жасады. Сол бір көздегі қазақ халқының өміріне еншілес болған қараңғылық пен надандық ақын қаламын поэзияның ұлгілі нүсқаларын жасау жолынан әр кез қақпайлап, ондай дүниелікке дәйімі даяр күйіндегі аудитория, оқушы бола алмайтынын танытып отырды. Данышпан ақын осы бір тарихи шындықтың шегінен асып кете алмады. .