Сіздерге өз саяхатымды айтып берейін. Мен Алматы, Көкшетау қалаларына саяхат жасаған болатынмын. Алматыда тауға шықтық. Мәссаған, қандай қызықты болғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Таулары өте биік, кішкене ған суықтап қалғаным болмаса күнім өте керемет өтті. Тау басындағы қарлар оған көрік беріп тұр. Келесі күні өзенге бардық. Өзені де өте тұнық, таза. Айналамыз құстар мен жануарларға, балықтарға толы болғанына қарамастан мүлгіген тыныштық. Көкшетауда біз Оқжетпес тауына бардым ол жер маған тіптен керемет әсер қалдырды. Тау беткейлеріндегі ормандар щалың, өзімді нағыз табиғаттың құшағына еніп кеткендей сезіндім. Айта берсем, еліміз Қазақстанның әрбір жері көркем, табиғаты сұлу, ауасы таза. Ол жерлердегі демалыс орындары да жанға жайлы, Адамдары көңілге жылу ұялатады...