Составить план ** казахском языке Денсаулық-табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті...

0 голосов
95 просмотров

Составить план на казахском языке Денсаулық-табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап сырқаттансақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп, емшілік жасап жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде, кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің бір тәсілі-спорт. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, ширақ сезініп, көңілді жүретіні әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталған. Ғалымдар АҚШтың Пенсильвания университетінің 200 ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткерген күйлерін жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әліздіктен арылғанын мәлімдеген. Жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген. Дене жаттығулары адамның көңіл күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.


Қазақ тiлi (31 баллов) | 95 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:1.Денсаулық-зор байлық

2.Өміріңді сақтау, денсаулық сақтау

3.Дені саудың-жаны сау

Объяснение:

(96 баллов)