1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс – топ алдында, табан астында суырыпсалып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыстың бәдік айтыс, жануар мен адамның айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс деген түрлері бар.Бәдік айтыс – айтыстың ең көне түрі, адамның табиғаттың сырын түсінбеген кезінде, діни нанымға байланысты туған. Адам бәрінің өз иесі, тәңірі бар деп түсінген.Салт айтысының ескі түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыс – өнер бәйгесі, сөз сынағында әр ақын өз ортасын дәріптеп, елінің туын көтереді. Осы күнгі айтыстың ерекшелігі:– бүгінгі күн талабы, уақыт тынысы тұрғысынан ортақ әлеуметтік мәселелерді көтереді;– алдын ала белгіленген тақырып пен уақытқа сай арнайы жиналған елдің алдында сайысқа түседі.2-тапсырма. «Ойлан, тап!» әдісі. Суреттер мен сөздерді сәйкестендір. А) Қыз бен жігіт айтысы Ә) Бәдік айтыс Б) Ақындар айтысы3-тапсырма. Тірек сөздерді қатыстырып, 3-4 салалас құрмалас сөйлем құрастыр.