Ответ:Соңғы 10 жыл ішінде еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алды. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, алғашқы нәтижелер көп күттірмей қолға да тие бастады. Ал олар қандай түрде, қайда, қалай жүзеге асып жатыр деген сұраққа келсек, ойға оралатындардың бірі – Ұлттық биотехнологиялар орталығы. Oрталықты айтқан сөздері шет елдердің ғылыми баспасөзінде жиі қолданылатын, еліміздің ғана емес, әлемнің ғылым сахнасында беделі мен білімі жоғары биолог ғалым Ерлан РАМАНҚҰЛОВ басқарады. Біз орталықтың тыныс-тіршілігін білу мақсатымен ғалымды әңгімеге тарттық. – Ерлан Мірхайдарұлы, сіз басқаратын осы орталыққа оқырмандар тарапынан қызығушылық жоғары. Оқырманға барынша қазақы жалпақ тілмен “биотехнология” терминінің мағынасын түсіндіріп берсеңіз. – Бұл терминді шартты түрде, барынша қысқартылған түсінікпен алсақ, онда биотехнология кез келген өнімді жасап шығаруда немесе кез келген технологиялық өндірісте сапалы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мысалы, оған күнделікті тәжірибемізде бұрыннан бар үдерістерге сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алынуын, яғни айран, шұбат, қымыздың алынуын жатқызуға болады. Немесе ірімшік, шарап, сыраны дайындау барысы. Бұл үдерістерді адамзат бағзы заманнан қолданып келе жатқаны аян. Міне, бұл ең қарапайым биотехнология. Адамдар осыған дейін бұл үдерістердің принципін түсінбестен қолданып келген. Шарап және сыра өндірісінде қантты ашыту барысында спиртке, сүтті қышқыл өнімдерге айналдыратын бактериялар бар екендігінен бейхабар болған. Қазіргі таңда биотехнология мағынасы, әрине, оларға қарағанда әлдеқайда күрделірек. Жоғарыда келтіріп өткен мысалдардан бөлек те түрліше бағыттарда дамыған. Әрі олар өміріміздің сан-алуан бағыттарында көрініс табуда. Заманауи әлем мен дамыған экономикада бұл ұғым таза экологияның, өнімді өндіруде табиғатты, соңғы өнімді түрлі химиялық заттармен ластамайтын жолдармен алу әдістері, ауыл шаруашылығы және түрлі өндірістік үдерісте өнімді алу барысында оған химияны емес, табиғатта кездесетін табиғи өнімдерді қолданудың синонимі десек те болады. Биотехнология – болашақтың технологиясы. Оған жарқын мысал ретінде қалпына келтірілетін энергияны жатқызуға болады. Қазіргі күні жер-жаһан 95-ші бензинді қолдануға көшті. Аталмыш бензиннің 10%-ын мұнайдан алынбайтын биоэтанол құрайды. Ол ауаны ластайтын зиянды заттардан барынша таза әрі мұнай өнімдеріне тәуелділікті азайтады. Биоэтанол дегеніміз, жалпақ тілмен айтқанда, өсімдік тектес шикізаттан алынатын спирт. Өкінішке орай, бүгінгі таңда осынау спирттің басым көпшілігін құрамында қанты (мысалы, қызылша) және крахмалы жоғары өнімдер мен бидайдан алады. Бірақ қазір әлем ғалымдары бұдан бас тартуда. Өйткені тағамды отынға, жанар-жағармайға қолдану дұрыс емес. Сондықтан тез арада биоэтанолды құрамында целлюлозасы көп өнімдерден алуға ауысуда. Мысалы, оған әдетте қажетке жарамайтын, лақтырылатын сабан, ағаштардың діңі секілді материалдар жатады. Егіс далаларында бос жататын әрі өнімнің өнімділігін азайтатын сабанды немесе тағамға пайдаланылмайтын, күтімді қажет етпейтін өсімдік тектестерді, шөптерді Қазақстанның ұлан-байтақ даласында есепсіз көлемде өсіруге болады. Болашақта оларды жинап алып, бұлардан алынатын целлюлоза арқылы еліміздің жанар-жағармайға деген қажеттілігін толық жабуға болады деп ойлаймын. Таяу болашақта осылай болады да. Сондай-ақ биотехнология үдерістері діңгекті жасушалар жасап шығару үшін, ауыл шаруашылығында мал басының өнімділігін көбейту үшін қолданылады. – Соңғы кезде жиі айтылып жүрген діңгекті жасушалар туралы кеңірек тоқталып өтсеңіз... – Еліміздің медицина саласында діңгекті жасушалардың қолданысқа енуі соңғы жылдардағы ең үлкен жетістік болып отыр. Ұлттық биотехнологиялар орталығының ғалымдары медицина саласында қолдануға діңгекті жасушалар алу әдісін ойлап тапты. Тұңғыш рет күйіктер мен жараларды емдеу үшін адам терісінен алынған жасушалардың жаңа түрлерін әзірледі. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес қауіпсіз екендігіне тексеруден өткізілді, сондай-ақ Ұлттық ғылыми медицина орталығында клиникаға дейінгі сынақтардан өтті. Әзірлеп шығарылған әдіс негізінде зақымдалған тері қабатын қалпына келтіруге арналған жасуша трансплантаттары алынады. Жақында тұңғыш рет Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында жасанды теріні қолдануды жүзеге асырдық. Бұрын аса ауыр күйіктен адам өліп кетуі мүмкін болатын. Ал қазір теріні жамаймыз, соның нәтижесінде жараның жазылып кетуі екі есеге жылдамдайды. Бұл өте үлкен жетістік, жоғары ғылым. ҰБО мұны істей алатын тұңғыш әрі жалғыз орталық
Пошаговое объяснение: