2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып. Жоспар құрыңдар.
Абай өлеңдерінің бір алуаны – табиғат лирикасы. Табиғат – алабаласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Абай асқан шеберліктержылдың төрт мезгіліне де арнап өлең жазды. «Жазғытұры», «Жаз».«Күз», «Қыс» атты өлеңдерінде табиғаттың тылсым құбылыстарыншынайы өмірмен астастыра суреттейді. Жаратылыстың жайдарыжазын, түсі суық тұманды күзін не болмаса сақылдаған аязы менқарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.Абайдың өлеңдерінде күнделікті өмір, адамдардың күнкөрісі меніс-әрекеті және өзінің де көңіл күйі анық көрінеді.«Абайтану» кітабынан