Жаздыгүн шілде болғанда Көкорай шалғын, бәйшешек Ұзарып өсіп толғанда, Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Кұйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап