Мәтінді оқып, өз ойыңды білдір.
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген жас өрен есейді, жарқын кезеңге аяқ басты. Н. Назарбаевтың жастық шағы ізденіске толы болды. Теміртауға оралғаннан кейін өмірінің «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және ірі домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Нұрсұлтан та қатысты. Осыдан бастап еңбек жолы елге қызмет етумен жалғасуда. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев – біздің мақтанышымыз. Президент әрқашан халық үшін қызмет етті, халқы да қалтқысыз сенді, үнемі қолдау көрсетіп отырды. Тәуелсіз Қазақстан – егеменді ел, тұрақты эконономикасы бар және болашаққа нық қадам басқан мемлекет. Президент алғашқы күннен білікті стратег басшы екенін таныта білді: қиын кезеңнің өзінде еліміздің тұтастығын сақтап, мемлекет тұғырын нығайтты. Жас мемлекет болсақ та, көп жетістікке жеттік. Бүгінгі таңда еліміз көп ұлтты, ынтымағы жарасқан мемлекет. Оларды біріктірген күш – Отанға деген сүйіспеншілік, қазақ еліне деген құрмет және болашаққа деген батыл сенім. Бұл – біздің басқа мемлекеттерден артықшылығымыз. Жыл сайын Президент Қазақстан халқына жолдау арнап, еліміздің болашағына қатысты жоспарларымен бөліседі.