3. Ауа райын болжауға болатын тағы қандай халықтық ырымдарды білесің, жаз.

0 голосов
166 просмотров

3. Ауа райын болжауға болатын тағы қандай халықтық ырымдарды білесің, жаз.


Другие предметы (41 баллов) | 166 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:Жарқабақтағы ұя биікке салынса, су тасқыны болады.

Саңырау құр бұтаққа қонақтаса, тұман түседі.

Қарға топтасып қарқылдаса, ауа райы бұзылады.

Шіл үйірін молайтса, қыс суық болады.

Көк жасыл шегіртке молайса, жаз қуаң болады.

Суыр ініне ерте жатса, қыс қатты болады. Суыр інінің аузын қораласа, көктемде су тасқыны болады. Суыр інінен ерте шықса, кешікпей күн жылынады. Суыр мезгілсіз жайылса, ауа райы бұзылады.

Жаңбыр жауып тұрғанда ала тышқан шақырса, кешікпей жауын басылады.

Сұр тышқан шақыруын қойып, інге тығылса, кешікпей қар жауады.

Дала тышқандары шұбырып шөп жинаса, кешікпей жауын-шашын болады.

Ала тышқан қырға шығып шақырса, ауа райы бұзылады.

(28 баллов)