Ответ:
Қазақстан - біздің кіндік кесіп, қанымыз тамған туған жеріміз. Халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық тарихы бар, ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата – бабаларымыздың табанды күресінің арқасында, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Пешенесіне талай тағдыр батпандай қайғы мен қасірет жазған халқымыздың азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып, әлемді дүр сілкінді. Сол сілікіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіз болып салтанат құрды. Желтоқсан оқиғасы біздің мемлекетіміздің тарихындағы үлкен оқиғалардың бірі. Ол тәуелсіздіктің бастауы. Бұл күнді естен шығармауға тиіспіз. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да ауыл үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алыс құрлықты аралап кеткен ғаламат тарихи оқиғалардың бірі. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген заманның,
Айналайын алтын әнім жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.