Ұлы суретшілердің сурет өнерінде қалдырған жаңалықтары​

0 голосов
127 просмотров

Ұлы суретшілердің сурет өнерінде қалдырған жаңалықтары​


История (22 баллов) | 127 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Дюрер Альбрехт (1471-1528). Ол Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы болды. Альбрехт Германияға, Нидерландға, Италияға көп саяхат жасап, бұл елдердегі шеберлердің жетістіктерімен танысты. Ол неміс суретшілерінің ішінде дарынымен, терең білімділігімен, ізденімпаздығымен, мүрат айқындығымен көзге түсті. Дюрер суретші, инженер әрі сәулетші болды, көне тілдерге жетік әрі ақын еді. Басу станогы табылғаннан кейін суреттерді көбейтуге және оларды көп адамның пайдалануына мүмкіндік туды. Суретшілер суретті ағашқа ойып жасады немесе оларды мыс пластинкаға қышқылмен түсірді, одан кейін оған бояу жағып, қағазға басты.

Дюрердің таңдаулы гравюраларының бірі «Төрт салт атты» деп аталады. Онда тәңірдің жер бетіндегі адамзаттың үштен бірін жазалауға жіберген - Індет, Соғыс, Ашаршылык және Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген

Рембрандт Харменс ван Рейн (1606-1669) - сурет өнерінің ұлы шебері, голланд кескіндемешісі әрі график. Диірменшінің баласы 1620 жылы аз уақыт Лейден университетінде оқып, соңынан біржола өнер жолын қуды. Лейденде, Амстердамда кескіндеме бойынша сабақ алды. 1525-1531 жылы Лейденде әр түрлі жұмыс істеді. Рембрандт шығармашылығы Голландия өнеріндегі реалистік бағыттың даму кезеңінде қалыптасты. Суретшінің діни мазмұндағы алғашқы туындыларынан қиял еркіндігі мен өмір шындығын бейнелеуге деген талпыныс байқалады. 1632 жылдан Амстердамда тұрып, кейін әйгілі суретшіге айналды, оның көптеген шәкірттері болды.

Веласкес Диего (1599-1660). XVI ғасырдың аяғынан басталған Испания өнерінің өркендеу кезеңі жүз жылдай уақытқа созылды. Бұл кезең Испан мемлекетінің «алтын ғасыры» деп аталды. Осы кезеңде көптеген жазушылар мен суретшілер шықты. Буржуазиялық Голландиядан өзгешелігі, феодалдық Испанияда өнер шығармаларына басты тапсырыс беретіндер шіркеу, король мен текті феодалдар болып қала берді. Сондықтан мұнда көбінесе діни тақырыпқа салынған картиналар мен текті адамдардың салтанатты портреттері басым еді.

(52 баллов)