Кітапхана жоспарының жоспары- жұмысты орындаудың мазмұнын, көлемін, дәйектілігін, мерзімді және орындаушыларын анықтайтын құжат. Болашақтық және ағымдағы жұмыс жоспары болады.
Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін баскарудың кұрамды бөлігі - белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау.
Кітапхана ресурстарын жоспарлау - белгілі мерзімге кітапхана ресурстары дамуының тенденциясы мен болашағын анықтауда аймақтың (мекеменің) тұрғындарының белгілі қажеттерін зерттеу арқылы жүзеге асатын жоспарлау.
Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен окушы әрекеттесулерін құрастыру.
Кітапхана ғимаратын жоспарлау - кітапханалык технологиялык процестердің мазмұны мен дөйектілігіне сай келетін үй-жайынын орналасу жүйесі.
Орналасу жоспары - жіктеу индекісінің тану белгілері жок, бөлінуде тиіптік айрмашылығы бар жіктік кестесінің көмегімен бөлінетін ББЖ.
Платун-жоспары (ағылш. platoon - «взвод» немесе «отряд») - оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы, мұндағы оқушыларда тұрақтысының бөлмесі жоқ, «взводтарға» немесе «қаңғыбас сыныптарға» ұйымдасқан және бір «лабораториядан» екіншісіне көшіп жүре береді.