Талғат Мұсабаев туралы мәлімет

0 голосов
146 просмотров

Талғат Мұсабаев туралы мәлімет


Қазақ тiлi (12 баллов) | 146 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Ответ:

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 мектепті тәмамдағаннан кейін Ленин комсомолы атындағы Рига азаматтық авиация инженерлері институтында "Авиациялық радиожабдықтарды техникалық пайдалану" мамандығы бойынша білім алды. 1974 жылы елге оралып, бірнеше ай инженер болып жұмыс істеді.

Ғарышкердің еңбек жолы

1975 жылдың қаңтар айында Мұсабаев Алматыдағы Қазақстан комсомолының Қазан аудандық комитетінің хатшысы болып таңдалды. 1976 жылдың 19 қаңтарынан бастап қазақ азаматтық авиациясында саяси тәрбие қызметі бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

(80 баллов)
0

люди ,кто с поселка Каргалы?Отзовитесь

0 голосов

Басқа тілде оқу
Бақылау
Өңдеу
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.

(172 баллов)