Ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады.
Жаңа ақпараттық технология келесі негізгі қағидаттарға негізделеді: 1. Компьютермен жұмыс істеудің интерактивті (диалогтық) режимі; 2. Басқа бағдарламалық өнімдермен интеграциялану; 3. Деректерді өзгерту және есептер қою процесінің икемділігі.