Жасуша циклі деген не?что такое клеточный цикл?(переводите ** казахский если знаете...

0 голосов
83 просмотров

Жасуша циклі деген не?что такое клеточный цикл?(переводите на казахский если знаете ответ)​


Биология (654k баллов) | 83 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Жасушаның тіршілік циклі немесе Митоздық айналым деп жасушаның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз. Яғни, жасуша циклі дегеніміз жасушаның митоздық екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы.

Ол 4 кезеңге бөлінеді:

пресинтетикалық

синтетикалық

постсинтетикалық

митоз

Пресинтетикалық кезеңде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жасушаның мөлшеріне жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалының(көмірсу,май және белок) синтезделуі қажет.

Синтетикалық кезеңде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым қуалаушылық материал 2п 4с күйінде кездеседі.

Постсинтетикалық кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсу, май және белоктар синтезделіп, олардың қоры көбее түседі, органеллалар саны да көбееді,себебі келесі кезеңде (митоз) олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.

Митоз - жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып табылады.

Объяснение:

(46 баллов)