Тарихқа шегінсек, төрт жарым мыңнан аса жыл бұрын бұл кәсіп сазды каталогтар пайда болған кезеңдердегі шумер мәдениетімен бірге дүниеге келген. Ал кітапханашылық қызмет біздің дәуірімізге дейінгі сазды тақталарды жинап, жазбаларды есепке алудан бастау алған көрінеді. Сонымен, ең алғашқы кітапханалар қоғамдағы діни мекемелердің қатарынан тіркелсе, алғашқы кітапханашылар – азаматтарға рухани игіліктерді, жазба мұраларды, тіпті ғаламдық картинаны сақтап жеткізуші абыздар болыпты.