Ответ:
1941 жылдың 16 қарашасында неміс әскерлері 16 армияның тұсынан 2 танк және 1 жаяу әскер дивизияларын қолдана отырып, Волоколамсктің оңтүстігіндегі Рокоссовскийдің армиясының сол қапталына соққы жасады... Панфилов атындағы дивизияның кеңестік жиырма тоғыз гвардияшылар орналасқан жерге жаудың елуден астам танктері бет алды... Жалғыз біреуінің ғана жүйкесі сыр берді... Жалғыз өзі қолын жоғары көтерді... Бірнеше гвардияшылар еш дайындықсыз, еш бұйрық болмаса да сужүрек әрі сатқынға от жаудырды... ...Шайқас төрт сағаттан астам уақытқа жалғасты. Он төрт танктің жолы кесілген болатын. Осы сәтте Сержант Добробабин, жауынгер Шемякин, Конкин, Шадрин, Тимофеев пен Трофимовтер қаза болды. Қансыраған көздерімен Клочков жолдастарына қарады.