4-тапсырма. Айтыстың түрлерімен таныс. Айтыс туралы білетініңді айт Сызбаны дәптерге...

0 голосов
208 просмотров

4-тапсырма. Айтыстың түрлерімен таныс. Айтыс туралы білетініңді айт Сызбаны дәптерге жаз.АқындарайтысыБәдік айтысҚыз бен жігітайтысыАйтыстыңтүрлеріЖар-жарайтысыӨлі ментірініңайтысыЖұмбақайтысЖануарлармен адамайтысы​


image

Қазақ тiлi (654k баллов) | 208 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

йтыстың байырғы замандағы ілкі түрлері жар-жар, бәдік, өлі мен тірінің айтысы түрлері әлемнің басқа елдеріндегі рухани мұралармен бірлікте зерттеу айтыс жанрының көкжиегін кеңейте түседі. Сонымен бірге қазақ пен түркі тектес халықтар айтысы әу баста салтпен тұтастықта өмір сүріп, кейіннен жанр ретінде даму барысында жеке ақындардың сөз сайысына айналғаны шындық. Қайымдасулар, қағысулар, жұмбақ айтыс, жекпе-жек айтыс түрлері түркі тектес халықтарда ортақ сипатта екендігі айқын. Түркі халықтарының рухани өмірінде айтыстың орны ерекше. Айтыс түрлі салтанаттарда, мейрам күндерінде ұйымдастырылып, халық назарына ұсынылып, үнемі халықтың көңілінен шығып отырған. Қазіргі таңда айтыс теледидардан әр апта сайын беріліп, кейінгі ұрпақтың бұл дәстүрді танып білуі көзделіп, ескіден келе жатқан мұра жаңғыруда.

Түркі халықтарының ішінде қазақ айтысы төкпелігімен, эпикалық сарынымен көркем сипатта.

– Қазақ пен түрік, сонымен бірге әзербайжан, қырғыз, қарақалпақта айтыс екі ақынның бірін-бірі суырыпсалма түрде жыр сайысында жеңетін жеке жанр ретінде дамып, көркем өнер түріне айналған. Яғни, ақындар айтысының ата дәстүрі қазақ пен түрік, әзер-байжанда бүгінгі күнге ұласып отыр.

«Бәдік», «өлі мен тірінің айтысы», «Жаржар» секілді байырғы айтысқа баспалдақ болған ғұрыптық сөз үлгілерін (әдет-салт айтысы) тексерген қазақ ғалымдары айтыс жанры әу баста қандай бір рәсімді атқаратын кезде топтық (хормен) түрде айтылатын белгілі дәрежеде формулалы өлең болған, кейіннен дами келе екі айтыскердің өнер сайысына (ақындар айтысы) айналған деген қорытынды жасаған. Бұл ғылыми түйіннің түрік айтысының эволюция-сын анықтауда да бағасы зор. Мәселен, түріктегі той-думанда орындалатын чың, атпа секілді қарсылықты өлеңдер топпен айтылады, ал ақындар (ашықтар) айтысы екі айтыскердің жыр бәсекесіне айналған.

Сонымен, айтыс жанрының бағзы бастауында ғұрыптық сөз үлгілері елеулі орын иеленгені анық, әйткенмен осы өнер түрінің алғашқы жазба мұраларда белгіленуі Махмұт Қашқаридың "Диуани лұғат-ит-түрк" атты кітабындағы Қыс пен Жаздың айтысы, Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" дастанындағы бастан-аяқ сұрақжауап түрінде келетін талас-тартысты Күнтуды Елік (Әділдік), Айтолды (Дәулет), Өгдүлміш (Ақыл), Одғүрмыш (Қанағат) арасындағы өмір, қоғам, табиғат төңірегінде пікірталас, сонымен бірге Қожа Ахмет Иасауидің "Диуани хикметінде" кездесетін жұмақ пен тозақтың таласын айтыс үлгісі деуге болады. Бұл жайт мысал түріндегі айтыстардың ежелгі заманнан бері классикалық дәрежеде дамып қалыптасып, түркі халықтарының ортақ жазба әдебиетінде де көрініс тапқанын білдіреді.

Сонымен бірге түркі халықтарының барлығында ортақ кездесетін жұмбақ айтыс үлгісі де айтыстың жаңаша нұсқасы емес, керісінше ең ескі бір үлгісі екендігі байқалады. Себебі, жұмбақ айтыста қозғалатын мәселелер, мысалы жердің, ай-күннің, жұлдыз бен ғарыштың жаратылу тарихы, өсімдіктер әлемі туралы, әулие-әнбие, пайғамбарлар жайында қойылатын күрделі дінипәлсапалық сұрақ-жауаптар мифтік дәуірге жетелейтін көне ұғымдарды елестетеді. Мұндай жаратылыс туралы мағыналы сұрақ-тарды жұмбақ етіп жасыру әлем халықтарының сөз мұрасында да мол кездеседі. Мәселен, веда абыздары бір-бірімен осындай тақырыпта жиі-жиі жұмбақ айтысатын болған [1, 66-б.].

Жалпы, айтыста елдің бағзы тұрмыс-тір-шілігінде болған ескілікті таным туралы дерек-тер де жиі ұшырасып отырады. Мәселен, әзербайжан айтысының «ғыфылбенд» деген сұрақжауап бөлімінде ақын Лезки Ахмет пен Хаста Гасымның сөздерінде ежелгі «Авестаға» қатысты пікірлер бар екендігі анықталды. Бұл айтыскерлер Заратуштра діні мен жерлеу салты туралы дерек келтірген.Объяснение:

(26 баллов)