10 порция балмұздақ тапсырысқа берілді: 4-уі ванильді, 3-уі шоколадты, 2-уі лимонды және 1-уі манголы. Оларды безендіру үшін 4 қолшатыр, 3 шие, 2 вафля және бір түйір шоколад (әр порцияға бір безендіру) қолданылды. Нәтижесінде тапсырыс порцияларының бәрі әртүрлі болып шықты. Қандай қиыстыру олардың арасында кездеспейді?