Ответ:
Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Зиялы қауым өкілдерінің, тіл майталмандарының, тарихшылардың, ғалымдардың, сарапшылардың, жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынды. Латын әліпбиінің түрлі нұсқалары сараланды, әліпбиді жасау барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің сақталуы, сонымен қатар ғылыми принциптер негізге алынды. Әліпбиді тіл мамандары әлі де зерттеу үстінде.«Қазақ тілінен латын графикасына кезеңдік көшу» бағыты бойынша құрылған жобалық офисте университет ғалымдары облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының өкілдерімен бірлесіп жұмыс атқаруда. Латын графикасына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған спикерлердің кандидатуралары белгіленді. Олардың барлығы жоғары деңгейдегі мамандар және сапалы жұмыс жүргізе біледі. «Латын графикасы» пәні әдістемелік тұрғыдан толық қамтамасыз етіліп, филология, тарих, химия, философия және психология факультеттерінің оқу үдерісіне енгізілді. Математика факультетінің ғалымдары кирилше жазылатын қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыратын авторлық бағдарламаны дайындауда. Математик мамандар алгебра мен дифференциалды деңгейге байланысты үш оқу құралын мемлекеттік тілдің латын графикасы негізіндегі әліпби стандарты бекітілгеннен кейін жарыққа шығарады. Сондай-ақ біз латынша жазылатын қазақ тілінің орфографиясы мен графикасын оқытуға байланысты қашықтықтан үйрету курсын ұйымдастыруға, лингвистикалық және құқықтық сараптама өткізуге дайынбыз. Теориялық еңбектері бар және оқыту тәжірибесін жетік меңгерген университет ғалымдары жаңа ұрпаққа оқулықтар шығаруға, жаңа қоғамның мамандарын даярлауға, соның ішінде мұғалімдерді даярлауға қатысуға міндетті. Бұл үшін қазақ тілінің латын графикасына көшуі шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру мақсатында республикалық деңгейде авторлар ұжымын құру қажет.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өміршең бағдарламасындағы мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру ұсынысын көпшілікпен бірге университет қауымдастығы да толық қолдайды. Біздің ұжым осынау игі істің басы-қасында жүруге әркез дайын.
Объяснение:
Латын әліпбиі- өркениет жолы