Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бауыржан Қарағызұлы
Диалог
– Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
– Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
– Кезген бір тылсым Даланы мәңгі,
Кие боп кеудеме енді ме?
– Көгілдір туға оранып алды,
Күн күліп сәулеленді де!
– Керуен жолдан мың адасыпты,
Көнерген жылдар аңсар боп...
– Көзұшындағы Қыран да асықты,
Көгілдір туға қонсам деп! –
Көңіл пердесін аштым ба түріп,
Көкжиек көрінді нұрлы?..
– Көгілдір аспанның астында тұрып,
Көтердім көгілдір Туды!
– Көгілдір туды көтерген... кімсіз?
– ТӘУЕЛСІЗДІКПІН!!!
1.Мазмұны негізінде өлеңге тақырып қойыңыз.(озаглавить стих)
_____________________________________________________________________________(1)
2.Өлеңнің идеясын 1 сөйлеммен жазыңыз. (написать главную идею)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (2)