ЭССЕ "Тіл бар жерде өмір бар" КӨМЕКТЕСІП ЖІБЕРІҢДЕРШІ ​

0 голосов
63 просмотров

ЭССЕ "Тіл бар жерде өмір бар" КӨМЕКТЕСІП ЖІБЕРІҢДЕРШІ ​


Қазақ тiлi (12 баллов) | 63 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі елімізде барша азаматтар үшін ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы керек. Басқаша болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, мәселен, өркениетті елдердің қай-қайсысына барсаңыз да, мемлекеттік тілдерінің үстем екенін байқайсыз. Сол елдің барлық азаматтары бір тілде сөйлеп, бір тілде тіршілік жасайды. Ал, бірақ ұлттары әртүрлі болуы мүмкін. Демек, мемлекеттік тілдің өзі қоғамды топтастырып, елді біріктірудегі тигізер үлес-салмағы аз емес. Осы тұрғы­дан келгенде мемлекеттік тілді ар­дақтап, құрметтеуді әрбір қоғам мүшесі саналы түрде үйренсе дейсің. Президентіміздің жуыр­дағы мақаласында санамызды өзгерту жайы жақсы айтылды. Сананы өзгертудің бір ұшы мемлекеттік тілге деген оң көзқарас орнықтырып, соған сай әрекет етуге көшуде жатқан жоқ па?!

Еліміздің ұлтаралық саясаты – достыққа, бірлік пен ынты­маққа негізделіп келеді. Бұл дұрыс. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ал енді осы құндылықтар арқылы қоғам мүшелері қазақ тілі­нің дәрежесін арттыруға күш салып, белсенділік танытулары керек-ақ. Бірақ ондай белсенділік әзірге байқал­май келе жатқанын несіне жасы­райық. Бұған қашан және қай уақытта жетеміз? Жету үшін соған деген ниет, ықылас та, ең бастысы қолдау керек. Әрбір азамат мемлекеттік тілді мең­геріп алуды өзі үшін парыз деп білсе және соған мақсатты түрде әрекет жасаса, нәтиже де ойдағыдай болады.

Объяснение:

(36 баллов)
0

РАХМЕТ)