Эссе «Қазақстанның көрікті жерлері»
Қазақ халқында «Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары» деген даналық сөз бар.Сол секілді, менің туған жерімде басқа еш жерде кездеспейтін, көркіне көз тоймайтын әсем де сұлу жерлер мен киелі де қасиетті мекендер бар. Сондай мекендердің бірі «кіші Швейцария» деп аталып кеткен, табиғаттың керемет сұлулығын көре алатын – Бурабай. Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады. Бұл жердің ғажайып табиғаты мен емдік шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында «екінші Швейцария» деп те аталып кеткен. Бұл жер табиғат аясында, таза ауамен тыныстауды жақсы көретін жандар үшін таптырмас орын.
Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті тарихи сәулет ескерткіштері бар. Атап айтсақ: V ғасырдың ерекше сәулет туындысы болып табылатын Қожа Ахмет Яссауи (Иассауи), Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері. Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.
Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап берген жерлер жетерлік. Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықта орналасқан отандық және шетелдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратын Шарын шатқалы мен Шарын өзені. Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарын” көре аласыз. Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады. Одан кейін Ақсай сынтасы, Алакөл мен көлдің батыс бөлігіндегі суы тұщы, ал шығыс бөлігіндегісі ащы болып келетін, тіпті оның әр түрлі болуы ғарыштан да байқалатын Балқаш көлі, табиғаттың таңғажайып көрінісі мен қысқы спорт түрлерін жақсы көрушілерді магниттей тартатын «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты, Қорғалжын, Марқакөл қорығы, Зайсан көлі, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б. Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Әлі зерттелмей, еленбей жатқан жерлер қаншама?
Жетісуды жер жәннаты аталып кеткен – Жетісудың көркем бейнесін тамашалап, таза ауасын иіскеу таңғажайып сезім. Бұл аймаққа бару әрбір адамның арманы, Жетісудің көрінісін көре берсең, көзің нұрланады, таза ауасымен демалсаң, тынысың ашылады.
Қазақстан елінің әр азаматы өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүруі керек. Қорытындылай келе айтарым Қазақстанның көрікті жерлері адамды бірден баурап алады.