Напишите эссе Сең құрметте оңы эссе 70 90 сөз

0 голосов
114 просмотров

Напишите эссе Сең құрметте оңы эссе 70 90 сөз


Қазақ тiлi (12 баллов) | 114 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Сұрапыл соғыс қаншама отбасын отағасынан, баласынан айырды десеңізші. Қаншама қазақтың ержүрек қыз-жігіттері майданға аттанып, өзінен кейінгі ұрпақтың бейбіт өмірі үшін жанын қиды.Кезінде сол ерлердің – Отан үшін от кешкендердің қатарында болған Әбу Сәрсенбаевтың:

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де

ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын,– деп келетін өлеңін жаттап өскен ұрпақтың өзі бүгінгі күндері сол құрметке лайық жасқа келді. Ақын айтқан қасиетті сөздің қадіріне жетіп жүрміз бе? Соғыс және еңбек ардагерлеріне деген құрметіміз өз деңгейінде болып отыр ма? Осы сауалдар біздің қай-қайсымызды да ойландыруы тиіс. Бүгінгі тәуелсіздігіміз баянды, егемен елде бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі сол сұрапыл майдан кешкен ардагерлеріміздің ерлігінің арқасы. Олар біз үшін де, кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге, мақтаныш. Айтпағымыз, ардагерлерімізді, Отан үшін жанын берген ерлерімізді жылына бір рет, 9-мамырда ғана еске алмауымыз қажет. Басқасына тоқталмай-ақ қояйық, тіпті ауыл-ауыл­да, көше-көшеде ардагерлердің үйлеріне арнайы тақта орнатып, аты-жөндерін жазып, елеп-ескеріп отырсақ, мұның өзі ардагерлер алдындағы мың сан парыздың бірінің өтелгені болар еді. Майдангерлердің ерлігін ұмытпай, келер ұрпаққа дәріптеуде, еліміздің кешегі жән бүгінгі қаһармандарын мақтаныш етуде, олардың ерлігіне тағзым жасауда патриоттық тәрбиенің рөлі зор. «Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, қай заманда болмасын Отанға, туған жеріңе деген ыстық сезім өз ұлтыңды құрмет тұтып, туған тарихтан, ана тілден ажырамаудан бастау алады!

(242 баллов)
0

можно было сократить