Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды...

0 голосов
190 просмотров

Қазақ даласында қолөнер ерте дамыған. Қазақ халқы күнделікті тұрмысқа қажет заттарды қолдан жасаған. Оларды талғаммен әшекейлеген. Қазақтар киіз басып, сырмақ жасау, кесте тігу, алтын-күмістен әшекей жасау технологиясын керемет меңгерген. Қазақ жерінде өмір сүрген массагеттер барлық затты әшекейлеген. Ол туралы Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Соғысқа қажет құралдары, оқтары мен айбалталары мыстан жасалған. Баскиім, сәукеле, белдік әшекейлері алтын-күмістен, асыл тастардан жасалған. Сондай-ақ атәбзелдері, құрал-сайманы мыстан жасалған, ер-тұрманы алтынмен әшекейленген», - деп жазады. Қазақта ою-өрнек кең тараған. Қазақтың ою-өрнегі халықтың ойы ұшқыр, талғамы биік болғанын көрсетеді. Ғимараттарды, жиһаз, ағаштан жасалған ыдыстарды ою-өрнекпен әшекейлеген. Ою-өрнек – Ұлы дала өркениетінің бір түрі. Основная мысль текста. Ребят помогите, прошу!


Қазақ тiлi (16 баллов) | 190 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Объяснение:

Тема :Қазақ халқының қолөнері.

Основная мысль : Ежелгі қазақтардың қолөнерін, күн көріс арқылы әр түрлі қолөнер ойлап табуы, ұлы қазақтардың көрнекті әрі тарихи қолөнерлері туралы.

(84 баллов)