Есім ханның ел басқарудағы жетістігі​

0 голосов
161 просмотров

Есім ханның ел басқарудағы жетістігі​


Қазақ тiлi (22 баллов) | 161 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Есім хан тақта отыз жыл (1598–1628 жж.) отырып, хандықты бір орталыққа бағындырылған күшті мемлекет етіп қалыптастырды. Оның қолбасшылық дарыны, батырлығы, ел тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау жолында сыртқы, ішкі жаулармен ымырасыз күрес жүргізуі халық жадынан ұмытылмас көрініс тапқан. Оны жұрт «Еңсегей бойлы ер Есім» деп атаған. Ол ел басқаруда Қасым ханның «Қасқа жолын» жетілдіріп, жаңа заңнама жасады. Онысы тарихта «Есім ханның ескі жолы» деген атпен белгілі. Ол, сондай-ақ, Қазақ хандығының орталығын Сығанақ қаласынан Түркістанға ауыстырды. Сөйтіп,  Түркістан шаһарын ғасырларға кеткен қазақ астанасына айналдырды.  

(85 баллов)