Қазақ халқының 19 ғасырға жататын этнографиясына қатысты материалдарды жинау және зерттеу, Ресей ғылымының алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі болды. Осы қажеттіліктің пайда болу себебі Қазақ даласын отаршылдық облыс, сондай-ақ Ресей империясы үшін шикізат көзі ретінде пайдалану ықыласы еді. Сол себептен Ресей империясы әскери, табиғи, географиялық және этнографиялық зерттеулерді ұйымдастырған.