Көмек керек Бактерияның патшалығв қандаи

0 голосов
68 просмотров

Көмек керек Бактерияның патшалығв қандаи


Биология (16 баллов) | 68 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Бактериялар барлық тіршілік ортасын игерген. Олар атмосферада, гидроферада, литосферада, гидросферада, адам, жануар, өсімдіктер организмінде кездеседі. олардың жасушалары 0,1-ден 10 мкм-ге дейін, өте ұсақ. Бактериялардың пішіндері де әр түрлі. Шартәрізділерін - коккалар, таяқшапішінділерін-бацилалар, оралмалар, үтір тәрізді иілгендерін- вибриондар, тағатәрізділерін-тороидтар, жұлдыз пішінділерін-жұлдызшалар деп атайды. Оның әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан тұрады. Жасушаның өте тығыз және көп қабатты қабықшасы болады, ол нәруыз муреинадан, полисахаридтерден тұрады. Цитоплазманың құрамында нәруіз және май заттары бар. Оқшауланған ядросы болмағанымен, цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады, ДНҚ молекуласы шектеулі кеңістікте ( нуклеоидта) орналасып, сақина түрінде тұйық болады. Митохондрия мен хлоропласттар жасушада болмайды, олардың қызметін цитоплазмалық мембрана атқарады. Рибосомалары бар. Бактерияда қор заттары- полисахаридтер, майлар, күкірт, полифосфаттар болады.

Объяснение:

(827 баллов)