Оқылым. Мәтінді оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Дүниенің сырын білуге есік...

0 голосов
146 просмотров

Оқылым. Мәтінді оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт – білім. Дана бабаларымыз: «Күш білімде, білім - кітапта», «Мұхит басы – бұлақ, білім басы – кітап», – деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген Егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ. Ерінбей оқып, талмай іздену арқылы адам рухани тұрғыдан жетіліп, білім нәрімен сусындайды. Мұндай адам қашан да халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман – мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер данышпан бабаларымыз жазып қалдырған кітаптарды көп оқулары керек. Осындай ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын - жазушылардың шығармаларын оқыған адам білімді, тәрбиелі, өнерлі болып өседі. Ағылшын философы — Френсис Бэкон: «Кітап оқу адамды білімді етеді, жазып отыру әдеті сауатты етеді», – дейді. Ал Конфуций: «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», – дейді. 1.Мәтін не туралы? 2.Дүниенің сырын білуге есік ашатын не? 3.Адам мұратына жету үшін не істеу керек? 4.Кітап, білім туралы бір мақал-мәтел жаз. 5.Мына сөздердің синонимін мәтіннен тап. Өмірдің - Тәуелсіз – даю 20 балов


Қазақ тiлi (52 баллов) | 146 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

1) Білім туралы.

2) алтын кілт-білім.

3)Талаптану керек.

4)кітап-білім бұлағы,білім өмір- шырағы.

5)өмірдің-ғұмыр, тіршілік, дүние

тəуелсіз-мемлекет, саяси.

(68 баллов)