Реферат ** тему арыш деген3м3з не

0 голосов
72 просмотров

Реферат на тему арыш деген3м3з не


Қазақ тiлi (12 баллов) | 72 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ғарыш дегеніміз не?       
      Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жыпырлаған сансыз көп жұлдыздарды бар. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отқа ұқсайды. Жұлдыздар жерден өте алыс қашықтықта орналасқан. Сондықтан олар біздің көзімізге  кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Шынында да олардың әрқайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан зор газ шарлар .Ең ірілері күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен.Мөлшері жермен қарайлас шағындары да бар. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен үш мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алынғандардың саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша , жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.
            Жерге ең жақын жұлдыз Күн.Оның төңірегінде Жерді қоса  есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады. (планета грекше адасушы жұлдыз деп аталады.) Планеталар өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан болады. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі - Ай. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен  олардың серіктері күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана.Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар тым көп миллиондап саналады.Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық, аспан денелерінің бір бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес. Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың ара қашықтығын миллиметрмен  есептеумен бірдей болар еді. Сондықтан ғарыштағы  қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады.  Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол жерге айдан 1,3 секундта,Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты жарық 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемнің шағын ғана бөлігі Галактиканың бір шетінен екінші шетіне  жарық 100 мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай  қашықтықта тұрады.Ғарыш құрамдас бөліктеріне :жұлдыздық жүйелер галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң тозаң мен газ шоғырлары , әлемнің түкпір түкпірінен  тасқындап таралатын түрлі сәулелер жатады.

(180 баллов)