Ғүндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностың топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды.
Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.