1.Ы. Алтынсарин орыс тілінде жазған оқу құралының маңыздылығы неде? 2.Ы. Алтынсариннің...

0 голосов
1.1k просмотров

1.Ы. Алтынсарин орыс тілінде жазған оқу құралының маңыздылығы неде? 2.Ы. Алтынсариннің интернет пен қыздар мектебін ашуының мәні ? 3.Ы. Алтынсаринбалалар әдебиетінің атасы деп неге атайды?


История (33 баллов) | 1.1k просмотров
0

1)Ыбырай Алтынсариннің орыс тілін білуі және қазақ тілін үйренуі 2)Ы.Алтнсариннің қыздар мектебін ашудағы қадамы қыздарымыздың иманын сақтау мен ел тағдырының келешегі сынды ұлы мақсаттарға негізделген 3)Бүгiнде қазақ мемлекеттiк Бiлiм академиясы Ыбырай Алтынсариннiң есiмiмен аталады.

0

Дұрыс па қатема хз}

0

Ыбырай Алтынсарин қазақой ол қалай қазақ тілін үйренеді

0

жауабыма

Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерiнiң оқушыларына арнап екi оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тiлiн үйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. ХІХ ғасырда Қазақстанның ағарту саласында қазақ балаларын орыс тілін үйретудің жаңа әдістемелік жүйесін қалыптастырған жаңашыл-педагог.

Ы.Алтынсариннің ағарту саласындағы еңбектері: 1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты түрде ашылды. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерiнiң инспекторы болып тағайындалды. Ырғыз, Николаев, Торғай және Елек уездерiнде екi сыныптық орыс- қазақ училищелерiн ашты. Қазақ қыздарының білім алуына мүмкіндік берген қыздар мектебін ашқан. ХІХ ғ қазақ қоғамында мұғалімдерді даярлау ісін ұйымдастырып, ұстаздар дайындайтын мектеп ашқан. Ы. Алтынсарин балаларға тәлім-тәрбие беретін шағын әңгімелер мен өлеңдерді өзі жазып отырған. Сондықтан оны қазіргі зерттеушілер балалар әдебиетінің атасы деп атайды. Бүгiнде қазақ мемлекеттiк Бiлiм академиясы Ыбырай Алтынсариннiң есiмiмен аталады.

(94 баллов)