Ананың тұлғалық ерекшелігі жайлы эссе қажет Срочно! Тезірек 100-120 сөз 5-класс...

0 голосов
297 просмотров

Ананың тұлғалық ерекшелігі жайлы эссе қажет Срочно! Тезірек 100-120 сөз 5-класс 5-сынып. Эссе қажет, срочно бүгін кешке дейін


Қазақ тiлi (12 баллов) | 297 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Ананың тұлғалық ерекшелігі.

Ана- адам өміріндегі ерекше тұлға. Оның ерекшелігі неде? Оның мейірімінде, дәл ондай мейірімді бала анасынан басқа ешкімнен көре алмайды. Оның шыдамдылығында, төзімділігінде, сабырлылығында, бала үшін қажет жағдайда өзін құрбан ететін батырлығында, өзгеге бұйырмаған жанкештілігінде.

Тек, ана ғана түн ұйқысын төрт бөліп, бөпесінің жөргегін ауыстырып, бесігін тербетіп қамқор бола алады. Тек анамыз ғана біздің жағдайымызды түсініп, қателіктерімізді кешіріп, жетістіктерімізге қуана алады.

Ана, ол сен тоқ болса, сен қатарыңның алды болса, адал болса, дені сау, саналы, салауатты, білімді, білікті азамат болса,-деп армандайды.

Сен оған еркелейсің, ал ол сенің еркелігіңе елжірейді, еміреніп, аймалайды.

Міне, бұл біздің Анамыз, асыл тұлғамыз. Ол әлемдегі бар жақсылыққа сай адам. Баласының құрметіне, махаббатына лайық тұлға.

Ол әрі батыр, әрі ғалым, әрі ұстаз- бар жақсылық бір өзінің өн бойында.

Объяснение:

(126k баллов)