Ответ:
Ұластыру, телу (көне лат. transplantatіon — ауыстырып салу), ауыл шаруашылығында — бір өсімдіктің (телінуші) жас өркенінің бүршігін (қалемшесін) не көзшесін екінші өсімдікке (телітуші) телу. Ұластыру мәдени жеміс ағаштар сорттарын вегетативтік жолмен көбейтудің негізгі әдістерінің бірі болып саналады. Ұластырудың көп жылдық өсімдік сорттарының қасиеттерін сақтау, шаруашылыққа пайдалы, суыққа, әр түрлі ауруларға, зиянкестерге төзімді телінушілер алу, жеміс ағаштарының өсуін тездету, бәсеңдету, гүлдеу және жеміс беру мерзімдерін қысқарту үшін маңызы зор.