1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Ай – Жерге ең жақын орналасқан суық аспан денесі. Ол өзінен жарық шығармайды. Айға күн сәулесі түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады. Ай Жерден әлдеқайда кіші. Ай өте үлкен және жарық, сондықтан ол әрқашан адамдарды қызықтырды. 1969 жылы Айға алғаш рет ғарышкерлер барды. Айда олардың іздері әлі сақталған. Себебі Айда іздерді жоятын жел де, су да жоқ. Айда өмір сүруге болмайды. Өйткені онда ауа жоқ. Бірақ адамдар болашақта Айға үй салып, өмір сүруді армандайды.
1) Адамдар Айға неліктен қызығады? [1ұпай]
__________________________________________________________________
2) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр. [2ұпай]
•Айға _____________________ түседі, сондықтан ол жарқырап тұрады.
•Айдағы іздер жойылмайды, себебі___________________________________
ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма.
А) Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз. [1 ұпай]
Жақын –
Ірі –
Суық –
Үлкен -
Ә) Берілген сөздерге мәндес сөздерді тауып жаз. [1 ұпай]
Мәлімет -
ғалам -
құпия-
әуе -
3-тапсырма. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді, мәндес сөздерді қатыстырып «Күн жүйесі» тақырыбында шағын мәтін құрастыр. (25-30 сөз) (Используя данные слова, составь небольшой текст на тему «Солнечная система») [5 ұпай ]