«Отбасындағы тәрбие мен ұрпақ жалғастығы» тақырыбында эссе жазып беріңіздерші

0 голосов
1.6k просмотров

«Отбасындағы тәрбие мен ұрпақ жалғастығы» тақырыбында эссе жазып беріңіздерші


Қазақ тiлi (12 баллов) | 1.6k просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Бала адам өмірінің жалғасы, әрбір ата-ана өз баласының жақсы азамат болғанын қалайды. Ол үшін өзінің бар күш-жігерін жұмсайды. Отбасындағы тәрбиенің бала келешегіне тигізер әсері зор. Бала ата-анадан көргенін істейді. Сондықтан ата-ана өзінің әрбір ісімен, қимылымен, сөйлеген сөзімен, қоршаған ортадағы қарым-қатынасымен өз ұрпағына үлгі. Міне, тәрбиенің негізі сөзбен айтып жеткізуде емес, оны күнделікті көріп өсуінде. Мысалы: ата-ана өзінің ата-анасына сый, құрмет көрсетпей, қарсы сөз айтып, ұрсып-жекіп отырса, оны көріп, өскен бала осыны олардың алдына келтіреді. Ал, оларды аялап, бағып, баптап, сыйлап отырса, ертеңгі күні өздері қартайғанда балалары оларға да сол құрметті көрсетеді. Жақсы дәстүр ұрпақта-ұрпаққа жалғасады. Жақсы отбасында тәрбие алған ұрпақ, Отанымыздың ертеңі.

Объяснение:

(126k баллов)