Тәртіпті және тәртіпсіз адамға мінездеме жазыңыз. 100 слов

0 голосов
286 просмотров

Тәртіпті және тәртіпсіз адамға мінездеме жазыңыз. 100 слов


Қазақ тiлi (16 баллов) | 286 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

Ол тәртіпті адам. Ешқашан даусын көтеріп сөйлемейді. Ешкімді ренжітпейді. Өтінішіңді орындайды. Сұрағыңды жауапсыз қалдырмайды. Әрқашан көмектесуге дайын тұрады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Көпшілікті кез келген жұмысқа ұйымдастыра алады. От басы шаруасына қатты көңіл бөледі. Үйдегі, түздегі жұмыстарды басқа отбасы мүшелерімен бірге орындайды. Үлкенді құрметтейді, кішіге қамқор болады.

Ол тәртіпсіз адам. Онан ешқашан дұрыс сөз естімейсің. Айтатыны тек анайы сөздер. Ешкіммен тіл табыса алмайды. Кез келген жағдайда әңгімесі ұрыспен аяқталады. Бір де бір адаммен сыйласа алмайды. Тапсырған жұмысты аяқтамайды. Оған ешнәрсені сеніп тапсыруға болмайды. Айтатын өтірік, істейтіні ұрлық, әңгімесі өсек. Бір жерде ешқашан тұрақтап жұмыс істей алмайды. Тіпті әлемдегі ең ардақты жандарды, яғни ата-анасында құрметтей алмайды.

Объяснение:

(126k баллов)