Объяснение:
Дені сау ұрпақ-қуатты күш
Болашақ жас ұрпақтардың қолында екені рас. Сондықтан олар осыны біле жүрумен қатар, соны ой жадында қорыта алып, әрекетке көшсе ғой. Әрекетке көшу керек дегені қазірден бастап өздерін дайындай бастауы. Қазіргі кезде жастардың спортпен айналып жүргенін сирек көреміз, өйткені ғаламтордың әсерінен. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтанып жүрсе дендері сау болады. Бұл болашақта өмір жасының ұзақ болуына да әсер етеді. Әрдайым тек жақсы жаққа ұмтылу керек. Болашақта барлығы дұрыс болу үшін, қазірден жас ұрпақтарды тәрбиелей бастау қажет. Себебі "дені сау ұрпақ-қуатты күш" екенін ұмытпайық.