1 мәтін
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.Біреу малма сапсиды, салып иін,Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.(50 сөз)2 мәтін.(мәтін оқушыға бейімделген)Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнделікті тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.1.Берілген мәтіндердің ортақ тақырыбын анықтаңыз:А) жыл мезгілдеріВ) халықтың тұрмыс-салтыС) қолөнерД) ауа райы өзгерістеріЕ) демалыс күні