Прочитай текст и ответь ** вопросы Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алады....

+157 голосов
6.6m просмотров

Прочитай текст и ответь на вопросы Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алады. Қазақстанның байтақ жерінде таулар да, өзендер де, көлдер де, теңіз де, далалар да, ормандар да бар. Қазақстан табиғатында фауна мен флора әртүрлі. Қазақстанның шығысында Зайсан көлі, Тарбағатай таулары бар. Бұл жерлер өте көрікті. Зайсанның суы мөлдір. Көлді қарағайлы орман қоршап тұрады. Тарбағатай тауларында жан-жануарлар мен дәрілік өсімдіктер көп. Қазақстанның батысында Каспий теңізі жатыр. Теңіздің суы тұзды, бірақ пайдалы. Теңіз суында йод көп. Қазақстанның барлық аймақтарында көктемде қызғалдақтар шығады. Қазақстан – қызғалдақтың отаны. Қазақстанда қызғалдақтың 200-ге жуық түрлері бар. Алакөл мен Бурабайды барлық қазақстандықтар мен туристер жақсы көреді. Алакөлдің суы денсаулыққа пайдалы, ал Бурабайдың ауасы астма ауруын емдейді. Осындай пайдалы және көрікті орындар Қазақстанның барлық аймақтарында бар. Бұл – табиғаттың сыйы. Біз табиғатты қорғауымыз керек. 1.Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орын алады? 2.Қазақстан жерінде нелер бар? 3. Зайсан көлі мен Тарбағатай таулары Қазақстанның қай аймағында орналасқан? 4.Қазақстанның батысында не бар? 5. Неге Қазақстанды «қызғалдақтың отаны» деп атайды? 6.Алакөлдің суы қандай? 7.Бурабай ауасының қандай пайдасы бар?


Қазақ тiлi (199 баллов) | 6.6m просмотров
Дан 1 ответ
+96 голосов
Правильный ответ

1.Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алады

2.Қазақстанның байтақ жерінде таулар да, өзендер де, көлдер де, теңіз де, далалар да,ормандар да бар.

3.Қазақстанның шығысында Зайсан көлі, Тарбағатай таулары бар.

4.Қазақстанның батысында Каспий теңізі жатыр.

5.Қазақстан – қызғалдақтың отаны. Қазақстанда қызғалдақтың 200-ге жуық түрлері бар. Алакөл мен Бурабайды барлық қазақстандықтар мен туристер жақсы көреді

6.Алакөлдің суы денсаулыққа пайдалы. 7.Бурабайдың ауасы астма ауруын емдейді

(183 баллов)
+78

СПАСИБО