«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты...

+637 голосов
1.3m просмотров

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты жөні________________________________________ Сыныбы___________________________________________ 1-тапсырма Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз) 1. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді? А) Әке балаға сыншы В) Әкеге қарап –ұл өсер, Анаға қарап –қыз өсер С) Айлалы батыр алдырмас. Д) Туған жер - алтын бесік. 1 балл 2. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. а. керемет _____________________________________________________________________ в. сазгер_______________________________________________________________________ с. еліне _______________________________________________________________________ 1 балл 3. Мәтін мазмұнын ретімен орналастырыңыз. Оқиғалар Реті Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.


Қазақ тiлi | 1.3m просмотров
Дан 1 ответ
+90 голосов

1)д

2)керемет-тамаша,қошеметке лайық

сазгер-композитор,музыкалық шығарманың авторы

еліне- жеріне, Отанына, туған өлкесіне

3)Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр.

Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.

Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша

күйде сезінесің.

Сарыарқаның атын шығарған

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар

(158 баллов)
+110

спасибо

+98

спасибо

+83

спасибо

+172

спасибо

+99

не за что