Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойып, келесі сөйлемді бас әріппен жазыңдар. ХХІ ғасырды «Технологиялардың даму заманы» деп айтсақ болады робот, ақылды үй, ұялы телефон, сымсыз құлаққап, смартфон мен ноутбуктар жылдан жылға жаңарып, жетілуде келешекте бұл техника құралдарының одан да жетіле түсетіні – түсінікті нәрсе болашақта роботтардың көбеюі, транспорттың өзі жүруі мүмкін сонда адам еңбегі керексіз болып қалады сондықтан қоғам талабына сай адамдардың ой-өресі мен зияткерлігі болуы тиіс.