Қазақ солдаты» романын оқып, Қайрош туралы қосымша мәлімет Жина. «Қайрош — кім? Ол —...

+763 голосов
5.5m просмотров

Қазақ солдаты» романын оқып, Қайрош туралы қосымша мәлімет Жина. «Қайрош — кім? Ол — қандай бала?» деген сұрақтарға жауап беріп, диаграмманы толтыр. Қайроштың келбетін, мінезін сипаттап айт


Қазақ тiлi (67 баллов) | 5.5m просмотров
Дан 1 ответ
+137 голосов
Правильный ответ

Ответ:

"Қазақ солдаты" романы майданның шындығы жазылған патриоттық туынды.Ғабит Мүсіреповтың тұңғыш романы.Романның басты кейіпкері - Қайрош.Бас кейіпкер образы ойдан шығарылмаған, өмірде бар кейіпкер.Бас кейіпкердің прототипі - Кеңес одағының батыры Қайырғали Смағұлов.Қайрош бала кезінде әкесі қайтыс болып жетім қалды.Қайрош ауылдан бір табын бағып жүрген сиырды тастап,қалаға қашып,білім алуға ұмтылған бала.Ол Оралдағы балалар үйінен табандылығының арқасында 7 сыныптық білім алады.Қайсар бала анасы артынан іздеп келседе оқуын үзгісі келмей Орал қаласында қалады.Өмірдің қиыншылығына төзімді бала шыншыл,қайсар болып өседі.Соғыс басталғанда ол 22жаста болған.Қайрош-бірбеткей,қайтпас қайсар,шыншыл,білімқұмар,жігерлі,сабырлы,ер мінезді,алғыр ойлы бала.Бір жылдары ауылдан сиыр бақпай қашқан бақташы бала ауылға Кеңес үкіметінің батыры атанып келеді.

(1.4k баллов)