6-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қойып, жоспар құр.
Фантазия - өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фанта-зиясыз адам - тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңейтеді. Фантазия-сыз жаңадан бір нәрсені ойлап табу мүмкін емес. Фантазия құлықтытүзейді. Біз құлықсыз адамның орнына өзімізді қойып, құлықсыз-дықтан жиренеміз. Фантазия әдемілік сезіміне тереңдетеді: біз нешетүрлі әдеміліктерден фантазия арқылы Ләззат аламыз. Фантазиясызадам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналады. Мылқау өмірге үн бе-ретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді,көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірімен тілдес-тіретін – сол фантазия. Қиял терең һәм бай болу үшін жанды суреттеулер көп болу керек.Адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай болмақ.Міне, осы себептерден баланың қиялы терең, бай болсын десек, оныңбілімді болуына иждиһат қылу керек. Бала тұрмыспен көзбе-көз та-ныссын, оның есінде, жанында көп білім болсын, жан-жануардың тұр-мысын бақыласын, жаратылыстың тұрмысымен таныс болсын. Міне,сонда баланың қиялы өткір һәм бай болмақ.