Ответ:
Демалыс және күш-қуатты қалпына келтіру Күнделікті күйбең тіршіліктен бір мезет өзге кеңістікке көңіл жүгіртіп көріңізші, қаланың шуы мен дабылынан даланың дархан желі артық емес пе?! Таза ауа мен жасыл табиғат сізге серпін беріп, күш-қуат сыйлайды.
Кей адамдардың саяхаттауға деген құмарлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл адамдар саяхаттау үшін ғана жаралғандай. Жаңа, қызықты оқиғаларды бастан кешуді жаны қалап тұрады. Ал кейбір адамдар саяхатты дүниетаным кеңейтудің жолы деп емес, тек демалыс деп қана ұғады.
Түрлі тәтті естеліктерге толтыратын дүние. Ол адамға қанат бітіріп, дүниетанымын кеңейтеді. Мен саяхаттағанды қатты ұнатамын. Әзірге шетелдерге шығып көрмедім. Бірақ еліміздің біраз өңірлерін, қалаларын араладым. Мен Алматыда тұрамын. Кішкентай кезімнен бері Семей, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Алакөл, Атырау өңірлерінде болдым. Ол жақтардың ауа райы, табиғаты әр түрлі болса да, маған ұнады. Астанада зәулім әрі заманауи ғимараттарды көріп, Ақорданы, Бәйтеректі тамашаладым.