«Қияли» деген сөз бар. Мақтауға қарағанда даттау, көп жағдайда келемеждеу жағы басым түсіп жататын сөз. «Қияли» сөзі жас балаға қатысты айтылса, бұл сөзде үміт күттірерлік қасиет байқалады. Ал өмірдің белестерінен әбден өткен, шау тартқан адамға қатысты қолданылса, онда расында да бұл босқа өткен өмірді білдіретіндей. Өйткені «қиял», «қиялдау» дегеніміз әлі ашылмаған ресурс қой.