Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Одағайларды тауып, түрлерін ажыратыңыз. Әже Бала кезімде...

+151 голосов
305k просмотров

Мәтінді мәнерлеп оқыңыз. Одағайларды тауып, түрлерін ажыратыңыз. Әже Бала кезімде екеуміз жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ айтып отыратынбыз. Мен бәрін әжемнің өзінен үйреніп алып, өзіне айтатынмын. Әжем таба алмаған болып ұзақ ойланады. “Иір қобыз, жарық жұлдыз” деймін. Әжем әрнені бір айтып, жауабын бере алмайды. Мен: «Соны да білмейсің бе?» деймін. Әжем мәз болады. Содан соң: - Үйір-үйір жылқың болса, қалай шақырар едің? - дейді маған. - «Құрау-құрау!» деп шақырамын, - деймін. - Отар-отар қойың мен ешкің болса ше? - «Құрай-құрай!». Саулықтарды ұстап қосақтарға «қосақ-қосақ» дейміз. Ал ешкіге «шөре-шөре» дейміз. Әжем жымиды. Өйткені бұл да - өз сөзі. Сөйтеді де, сөзімді өзі түзейді. - Қойды «құриялап» қайырады, «пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Мақұл, табын-табын сиырың болады дейік? - «Аухау-аухау» деп! - Ал келе-келе түйең болса ше? - Келе-келе, көс-көс! Әңгіме үстінде байқаймын, әжем менің төрт түлігі түгел, бай болғанымды ұнатады.


Қазақ тiлi (96 баллов) | 305k просмотров
Дан 1 ответ
+198 голосов

Ответ:

Одағайдың 3 түрі бар

жікіру одағайы

көніл-күй одағайы

шақыру одағайы

Шақыру одағайы

құрай-құрай

құрау-құрау

шөре-шөре

пұшайт-пұшайт

аухау-аухау

келе-келе,көс- көс

(501 баллов)