4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау.СОЧ по казахскому языку 6 класс, 4 четверть...

+251 голосов
5.1m просмотров

4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалау.СОЧ по казахскому языку 6 класс, 4 четверть ​


image

Қазақ тiлi (46 баллов) | 5.1m просмотров
Дан 1 ответ
+149 голосов

Ответ:

Если помогла,пожалуйста,отметьте как лучший ответ)

Объяснение:

1 тапсырма.

Қазақстанның табиғаты әр алуан. Шын

Батыс Қазақстанның Хан Ордасын көрдім. Жалған

Туған жер- әркімнің кіндік қаны тамған жері. Шын

Саяхатқа шыққанда ауа райына сай киіну керек. Шын

2 тапсырма.

Киелі (синоним) - қасиетті

3 тапсырма.                                                                                          

1.  В. Елді кезіп,жаңа жерді көріп,суретке түсіргенді ұнатамын.

2. С.Мен бұрын Қазақстанда мұндай жерлерді тек кітап беттерінен көрдім.

3. А. Туған жер - талай жанның жүрегінен ерекше орын алады.  

Жазылым

Қазақтың ұлттық қолөнері халқымыздың ата - бабадан ұрпаққа жеткен шеберлігі, ұсталығы, ісмерлігі.

Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар.

Қазақтың ұлттық қолөнері

♦ Ағаштан жасалатын бұйымдар

♦ Ұлттық киімдер

♦ Ши орау қолөнері

♦ Теріден жасалатын бұйымдар

♦ Сүйек, мүйізден жасалатын заттар

♦ Жүннен жасалатын заттар

♦ Зергерлік бұйымдар

♦ Кесте. Көрмеп тігу қолөнері

♦ Ою - өрнек және олардың түрлері

♦ Өрмек, тоқыма қолөнері

Ағаш бұйымдары

Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды.

Жүн және одан жасалатын заттар

Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал - құйрығы, түйенің жүні, шудасы.

Зергерлік бұйымдар

Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын - күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден - ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын - күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.

Кесте және көркемдеп тігу

Кесте және көркемдеп тігу ою - өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер.

Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап - ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.

Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою - өрнек деп қосарланып айтыла береді.

Ата-бабадан қалған көнекөз асыл мұра – қазақтың ұлттық қолөнеріне деген ықылас сонау ғасырлардан бері өз өзектілігін еш жойған емес.Бүгінде қазақтың дәстүрлі өнеріне ден қойып, қолөнер туындыларын қайта жаңғыртуды өздеріне міндет еткен Қазақстан қолөнершілері одағының мүшелері осынау бірегей өнердің қыр-сырын өздері ғана жетік меңгеріп қоймай, келер ұрпаққа да үйретіп, аманат етіп қалдыруды парыз санайды.

     

(730 баллов)
+90

спасибо большое!

+46

Если не сложно,пожалуйста,отметьте как лучший ответ)