Өзіңді орманда жүрмін деп елестет.Қиялыңдағы суретті сөзбен сипаттап жазып көр​

+991 голосов
603k просмотров

Өзіңді орманда жүрмін деп елестет.Қиялыңдағы суретті сөзбен сипаттап жазып көр​


Қазақ тiлi | 603k просмотров
Дан 1 ответ
+130 голосов

Ответ:

Мен орманда жүрмін.Қалың ағаш арасы көлеңке,жоғары қарасаң ағаш жапырағынан аспан көрінбейді.Қарағай,үйіңкі,шырша,емені аралас қалың орман.Ағаш арасынан құстардың дауыстары естіледі бірақ қалың жапырақтан құсты көру мүмкін емес.Ағаштардың иісі,көктің иісі сезіледі.Қалың бұта арасынан бір сұр қоян үркіп,қаша жөнелді.Көзге бір жалт еттіде,жоқ болды.Оның ойда жоқта шыға келгеніне өзімде шошып кеттім.Алыстан ағашты тоқылдатқан тоқылдатқан дыбысы естіледі.Жоғарыда ағаштан ағашқа секіріп тиындар жүр,жаңғақ тасып.Жапырақ арасынан бір көрінсе бір көрінбейді.Айналама зер салып,жан -жағымды тамашалап біраз жүрдім.Аууу - деп атымды атап шақырған әкемнің дауысын есіттім,қарасам әкем себетке толтырып саңырауқұлақтарды жинап үлгеріпті.Екеуміз орман шетіне шығып,көлікке мініп қалаға қайттық.Менің көз алдымда көпке дейін таңғажайып орман суреті кетпей қойды.Үйге келіп "Орман ғажайыптары"атты сурет сала бастадым.

(1.5k баллов)