Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Аталы баланың сөзі ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Атадан өсиет, анадан қасиет.
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.
Атаның салған жолы бар,
Ананың тіккен қолы бар.
Атаға бала жеттім десе де,батпан ширек
төмен болады.
Атаң өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.
Жақсы ата жаман балаға қырық жыл
азық.